Алматыда 3 күдікті адам ұрлап бара жатқан жерінде қолға түсті

164

Бейтаныс адамдар бір азаматты күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.      

Алматыда 3 күдікті адам ұрлап бара жатқан жерінде қолға түсті Фото: polisia.kz

Оқиға бойынша хабарлама дереу тіркеліп, жедел басқару орталығы "Ұстау" жоспарын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция экипаждарының үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті көлік қысқа уақыт ішінде анықталып, тоқтатылды.

Көлік салонында жәбірленуші және оқиғаға қатысы бар бірнеше ер адам болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, ойдан шығарылған себептермен азаматқа психологиялық қысым көрсетуге тырысқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу басталды.

– Бұл – аса ауыр қылмыс. Куәгердің қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында заңсыз әрекеттердің жолы кесілді. Азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге және күмән туындаған жағдайда "102" нөміріне дереу хабарласуға шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу