Алматыда 30-дан астам әйелді тонаған күдікті ұсталды

576

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Алмалы ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, "қамқор" күдіктіні ұстағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Алматыда 30-дан астам әйелді тонаған күдікті ұсталды

"Қаланың Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарының аумағында қаскөй жасаған 30-ға жуық қылмыс тіркелген. Ол өзіне тек зейнеткерлік жастағы құрбандарды іздеді. Қоғамдық орындарда, атап айтқанда базарларда, тұрғын үйлердің аулаларында. Ауыр сөмкелер және үлкен пакеттермен келе жатқан егде жастағы адамдарды аңдып жүрді. Әдепті, тәрбиелі адам сияқты көрінген ол, әжелермен әңгімелесіп, сөмкелерін пәтерге дейін жеткізіп беруді ұсынды. Қарт адамдар келісті, бірақ артынан, ақша, әмиян немесе ұялы телефондарының ұрланғанын байқады. Анықталғандай, "көмек" көрсету кезінде қаскөй адамдардың барлық құнды заттарын байқатпай ұрлап алған", - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, бұрын айыпталушы мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу