Алматыда 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды

517

Алматы көшелерінде самокат пен мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді.   

Алматыда 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды Фото: polisia.kz

Демалыс күндері өткен рейд барысында 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, полиция жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға басымдық беріп отыр. Бір ғана Жетісу ауданында жол қозғалысы ережесін бұзған 152 дерек анықталған. Оның ішінде көлікті пайдалану және жолаушы тасымалдау талаптарын бұзу фактілері де бар.

Полицияның айтуынша, мұндай рейдтердің басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін заң бұзушылықтарды алдын алу. Бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаспақ. Әсіресе, көлік қозғалысы көп және жол апаты жиі болатын жол учаскелеріне ерекше назар аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу