Алматыда 34 жүргізуші қоғамдық көлік басқарудан шеттетілді – прокуратура

202

Заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.    

Алматыда 34 жүргізуші қоғамдық көлік басқарудан шеттетілді – прокуратура Фото: gov.kz

Жетісу ауданының прокуратурасы бірқатар автобус парктерінде заң талаптарының өрескел бұзылғандығын анықтады.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, "D" санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ жұмысшылар көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдардың жолаушылар көлігін жүргізуіне жол берілген.

– Анықталған фактілер бойынша 15 автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауаптылыққа тартылды. Еңбек шарты бұзылған 34 жүргізуші, жолаушылар көлігін басқарудан шеттетілді. Тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа 4 лауазымды тұлға тартылды, – деп хабарлады қадағалаушы орган өкілдері.

Сонымен қатар қалалық прокуратура наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған адамдардың жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу