Алматыда 359 Ashyq қатысушысы жобадан шығарылуы мүмкін

705

9 сәуір - 8 маусым аралығында  сканерлеу арқылы "қызыл" статусы бар 323 адам анықталған.  

Алматыда 359 Ashyq қатысушысы жобадан шығарылуы мүмкін

Алматы қаласында Ashyq жобасынан 97 кәсіпкерлік субъектісі шеттетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар сканерлеуді  20-дан (check-in) асырмаған 359 субъект анықталған. Бұл тізім әкімдікке жіберіліп, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 12 маусымнан бастап жобада 9 күннен астам жұмыс істейтін қатысушылар тексеріліп,  келушілерді QR-код бойынша мүлдем тіркемегендері  Ashyq жобасынан 2 апта мерзімге шығарылады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директордың орынбасары Салтанат Лесбаеваның айтуынша Ashyq жобасына қатысушыларға әкімдік тарапынан алдын ала ескерту жіберіледі. 

Әрі қарай қатысушылар оларға ескертілгенін растайтын құжатқа қол қоюы керек. Егер мониторинг топ  бұзушылық қайталанғанын анықтаса, қатысушылар жобадан 2 аптаға шығарылады.  

Салтанат Лесбаеваның айтуынша, мониторинг топ тарапынан бизнес қызметіне нұқсан келтіріп, құқықтарын бұзуға жол берілмеуі тиіс. Осы ретте бизнес өкілдері де санитарлық талаптарды сақтап, мониторинг топтың тексеруімен келуіне жағдай жасамауы керек.

"Қосымшаны қолданушылар тарапынан, оларды нысанға тексермей кіргізгені жайында шағымдар көптеп түсуде. Естеріңізге сала кетейін, мұндай фактілер анықталса, жобадан 2 апта мерзімге, ал қайталап бұзған жағдайда 2 ай мерзімге шығаруға негіз болады", – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

Айта кетейік, 9 сәуір - 8 маусым аралығында келушілерді сканерлеу кезінде "қызыл" статуспен 323 адам анықталған. 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 10 маусымнан бастап тәртіп бұзушыларға 30 АЕК-тен 32 айыппұл, оның ішінде 10-ы соңғы аптада салынғанын хабарлады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу