Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

125

Алматыда гүлзарлар аумағы ұлғайтылады.

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі Фото: gov.kz

Алматыда гүлзарлардың аумағы өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға ұлғайтылады. 2026 жылы гүлмен безендіру жұмыстары қаланың 387 мың шаршы метр аумағын қамтиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде: 107 мың шаршы метр жерге біржылдық гүлдер, 280 мың шаршы метр жерге көпжылдық гүлдер мен бұталар және 116 мың шаршы метр аумаққа раушан гүлдері егіледі.

Көгалдандыру жұмыстарына бақылауды "Eco Almaty" ЖШС жүргізеді. Өсімдіктерді таңдау кезінде қаланың климаттық ерекшеліктері ескеріліп, сальвия, тагетес, агератум және альтернантера сынды ыстыққа төзімді гүл түрлері пайдаланылады.

Маусымға дайындық қыс мезгілінен басталады. Наурыз мерекесіне орай Алматы көктемнің алғашқы гүлдерімен безендірілді. Жыл бойы қаланың барлық ауданында жаңа гүлзарлар мен саябақтар және скверлерде гүл композициялары пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу