Алматыда 4 қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

822

Олардың қылмыстық әрекеттерінен барлығы 500-ге жуық адам зардап шекті. 

Алматыда 4 қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, қаржылық пирамидаларға қатысты төрт қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олардың қылмыстық әрекеттерінен барлығы 500-ге жуық адам зардап шекті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрады. 

"Істі болғандардың бірі – 33 жастағы А. Лим есімді азамат, ол 2017 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың тамыз айына дейін алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында азаматтардан қаражат алып, "LS ins" ЖШС құрған, азаматтар салған қаражатты толық көлемде және ешбір тәуекелсіз қайтаруға жалған кепілдік бере отырып, спорттық ойындардың нәтижелеріне ақша қою арқылы пайда көргісі келген. 

Л. есімді азамат инвестицияланған қаражат бойынша сыйақыны кез келген уақытта, әртүрлі тәсілдермен: картаға, банктік шотқа немесе кеңсеге аудару арқылы алуға болатынына "кепілдік берді".  Алданған азаматтардың арыздары бойынша 188 қылмыстық іс тіркеліп, жалпы шығын 1 440 281 000 теңгені құрап отыр", – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов. 

Алмалы аудандық сотының қаулысымен А. Лим есімді азамат 6,5 жылға бас бостандығынан айрылды. 

"Сонымен қатар Тергеу басқармасының өндірісінде Д. Алдабергеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол әлеуметтік желі арқылы инвестициялық жобаның ашылғанын хабарлаған. Жобаның мәні букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ әртүрлі бизнес жобаларға ставка жасау үшін салым салу арқылы қаражатты көбейту болды. Осылайша салымшылар Д. Алдабергеноваға және басқа адамдарға 30% және 50% пайда алу үшін банк карточкалары арқылы ақша аударған. Бірақ кейіннен қаражатты аударғандарымен, олар пайданы алмаған. Күдікті Алмалы аудандық сотының судьясымен алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айрылды", – деді Әбдірахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу