Алматыда 40 қабатты ғимараттың құрылысы уақытша тоқтатылды

124

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді.     

Алматыда 40 қабатты ғимараттың құрылысы уақытша тоқтатылды Фото: rams-global.com

Алматыда Rams Beyond атты 40 қабатты мұнараның құрылыс-монтаждау жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Депутаттың айтуынша, рейд барысында қала әкімдігінің қала құрылысы бақылау басқармасы құрылыс компаниясына ресми нұсқама берген.

Тұрғындар әу бастан Тимирязев-Сейфуллин қиылысы маңындағы ауданның онсыз да шамадан тыс жүктелгенін, көлік қозғалысы мен тұрғын үй тығыздығы жоғары екенін айтқан. Сонымен қатар жақын маңда бірде-бір жасыл желектің жоқтығын ешкім ескермеген. Алматылықтар көпқабатты мұнараның орнына қоғамдық саябақ салу керек деп есептейді.

Ал, құрылыс ережесі бойынша Абай мен Әл-Фараби даңғылдарының арасындағы аймақта ғимараттардың биіктігі 9 қабаттан аспауға тиіс.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының түсіндіруінше, тоғыз қабаттан жоғары ғимараттарды салуға олардың қоғамдық маңыздылығы дәлелденген жағдайда және белгілі талаптар сақталғанда ғана рұқсат беріледі.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Дархан Сатыбалдыға Алматының жоғарғы бөлігіне көпқабатты тұрғын үй кешендері мен нүктелік құрылыстар салуға мораторий енгізуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу