Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады

108

Жоба 750 млн теңгеге жүзеге асырылады.  

Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады Фото: archi.ru

Алматыда студенттерге арналған 400 орындық жаңа жатақхана салу жобасы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Жобаға "Almaty Finance" ЖШС "BAZA 271" ЖШС арқылы жеңілдетілген қаржыландыру ұсынды.

"Almaty Business – 2025" бағдарламасы аясында 7 жыл мерзімге, жылдық 6% мөлшерлемемен 500 млн теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны 750 млн теңгені құрайды, оның 250 млн теңгесі – инвестор қаражаты.

Жаңа жатақхана 3 537,2 шаршы метр аумақта салынып, төрт қабат пен жертөле қабатынан тұрады. Ғимаратта Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады.

Жоба студенттерді заманауи тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жатақханадағы орын тапшылығын азайтуға бағытталған. Сонымен қатар жатақханада тұру құны бір студентке айына 45 мың теңге болып белгіленген.

Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ арқылы мемлекеттік субсидиялау тетігімен жүзеге асырылады. Субсидия мөлшері – жатақханада тұратын әрбір студентке 230 АЕК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу