Алматыда 50 автокөлікті тексеру барысында экологиялық нормаларды бұзу анықталды

369

Тексерістерді Eco Almaty жеке серіктестігі Алматы қалалық полиция департаментімен бірлесіп жүргізді.

Алматыда 50 автокөлікті тексеру барысында экологиялық нормаларды бұзу анықталды Фото: gov.kz

Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша бақылау шарасы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мегаполистің әртүрлі ауданында аспаптық өлшеулер жүргізілді. Мамандар алдымен Сайын мен Дулати көшелерінің қиылысында 30 автокөлікті тексерді. 16 көлікте рұқсат етілген экологиялық көрсеткіштің артуы тіркелді.

Оның ішінде екі заңбұзушылық дизельді қозғалтқышы бар көліктерден, тағы 12-сі бензинмен жүретін автокөліктерден анықталды.

Қосымша тексеру Сүйінбай даңғылы мен Бекмаханов көшесінің қиылысында ұйымдастырылды. Мұнда 20 автокөлік тексерілді. Экологиялық нормативтердің артуы дизель отынымен жүретін 6 көліктен анықталды.

Жалпы 50 автокөлік тексеріліп, заңбұзушылықтарға байланысты 22 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері немесе шу деңгейі белгіленген нормадан асатын автокөліктерді пайдалану жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.

Айта кетейік, автокөліктерді бақылау 2025 жылы 30 желтоқсанда бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу