Алматыда 55 жастағы ер адам 11 жыл құжатсыз өмір сүрген

1032

Тұрғынға қатысты дерек елдегі бірде-бір базада болмаған.

Алматыда 55 жастағы ер адам 11 жыл құжатсыз өмір сүрген

Алматыда ер адам 11 жылдан кейін азаматтығын растап, құжаттарын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчиновтің айтуынша, тиісті құжаттардың болмауынан адамдар денсаулық сақтау, білім алу, қажетті жәрдемақы мен зейнетақы алу мүмкіндігінен айырылады,
әрі олар ресми түрде жұмысқа орналаса алмайды.

"Мұндай адамдардың кім екенін анықтау қиындық туғызады. Себебі олардың Қазақстан азаматы екенін анықтау, әрі жеке куәлікті алу үшін тіркелу біраз уақыт алады. Алдымен мұндай тұрғындар Қазақстан азаматтығын растайды, кейін оларға Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжат рәсімделеді, - деді басшысы.

Мұндай азаматтың бірі – 1967 жылы туған Алексей Низамов. Ол Алматыда 11 жыл құжатсыз жүрген. Ер адам жеке басын куәландыратын құжатты жақында алған.

"Бұл кісінің оқиғасы басқаларға ұқсас. Алматы қаласының тумасы 2011 жылы Ресейге қоныс аударған. Сол елде тұрақты тұруға құжаттарын рәсімдеген. Осылайша, ол Алматыдағы жергілікті тіркеуден шығарылған. Алайда белгілі бір себептерге байланысты көрші мемлекетке тіркеліп, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ала алмаған. Салдарынан жалақысы төмен жұмыс істеген. Кейін Қазақстанға оралып, тіркеуге тұра алмаған. Себебі, ол бірде-бір базада тіркелмеген. Алексей Низамов СІМ Консулдық қызметінің көмегіне жүгініп, Қазақстан азаматы екенін растады", - деді Асхат Бутунчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу