Алматыда 6,5 мың кәсіпкерлік нысан тексерілді

753

Мегаполисте санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында 32 мониторингтік топ жұмыс істеуде.

Алматыда 6,5 мың кәсіпкерлік нысан тексерілді

Олар 2020 жылғы 8 қазаннан бастап 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында 802 тексеріс жүргізілді. 

"Мониторингтер барысында 6720 нысан қамтылды, оның ішінде 1163-і бойынша (17,3%) карантин талаптарын бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 107,7 млн теңгеге ҚР ӘҚБтК – нің 425-бабының 1-бөлігі, яғни шектеу шараларын сақтамағаны үшін 1008 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Заңды тұлғаларға-77,4 млн теңге сомасына 281, жеке тұлғалардың бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 30 млн теңге сомасында 727 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды", – деп хабарлады әкімдік. 

Биылғы жылдың 4-10 қаңтар аралығында 72 тексеру жүргізіліп, ол 524 нысанды қамтыды, 16 (3%) нысанда карантин ережелерін бұзу фактілері анықталды.

Жұмыс нәтижелері бойынша тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша 462-баптың 1-тармағы бойынша 18 материал сотқа берілді 

Бүгінде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 19 747 жағдайы тіркелді, 18 037 адам сауығып, 398 адам қайтыс болды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу