Алматыдағы жаппай төбелестен кейін 6 адам ұсталды

637

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Алматыдағы жаппай төбелестен кейін 6 адам ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Алматының Ақсай шағынауданында болған жанжалдан кейін бір жас жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– "Буран-308" экипажы оқиға ізін суытпай алты жас жігітті ұстады. Олар болған жағдайға қатысы болуы мүмкін. Кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер анықталды. Сондай-ақ тергеу үшін маңызы бар заттар тәркіленді, – делінген хабарламада.

Ұсталғандардың барлығы тергеу амалдарын жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық хронологиясын, жанжалдың себептерін, қатысушылардың әрқайсысының рөлін, сондай-ақ пышақ жарақатын салуға тікелей қатысы бар адамды анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу