"Басына пакет орап алып шыққан": Алматыда 61 жастағы қарияны өлтіріп кетті

456

Төрт күдікті ұсталды.

"Басына пакет орап алып шыққан": Алматыда 61 жастағы қарияны өлтіріп кетті Фото: Бейнежазбадан

Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды.

Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу