Алматыда 8 нысанның жұмысы тоқтатылды

894

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев пен аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері онлайн брифинг барысында карантиннің сақталуын бақылауды күшейту туралы айтып берді, деп хабарлады inbusiness.kz.

Алматыда 8 нысанның жұмысы тоқтатылды

Коронавирустық инфекцияны таратпау, карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында ауданда мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде.

"Жұқтыру  қаупі жоғары орындар - қызметіне тыйым салынған мейрамханалар, клубтар. Ауданда адамдар көп жиналатын негізгі орындар, яғни қауіпті деп  - Небо, Манана, Бла Бла, Артист, Барвиха, Бармаглот, Синий фантомас, Танцы бары сияқты түнгі мекемелерді атауға болады. Мысалы, аталған түнгі клубтардың барлығы карантиндік шараларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді аудан әкімі. 
 
Бүгінгі күні аудандық Полиция басқармасынан Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 105 шұғыл хабарлама келіп түсті. 92 хаттама толтырылды. 
Оның ішінде: 
- заңды тұлғаларға 12,4 млн теңге сомасына-37; 
- жеке тұлғаларға 2,4 млн теңге сомасына- 55 хаттама бар. 
Барлығы сотқа 16 материал жіберілді, оның ішінде 2021 жылдың басынан бері 8 нысан жұмысын тоқтатты. Олар:
1. "Бармаглот" бары, Әл-Фараби даңғылы, 116/21 – 10.02.2021 ж. –  100 АЕК (277 800 тг) мөлшерінде әкімшілік хаттама және 1 айға қызметін тоқтату;
2. "Dreams Almaty" Лаундж-бары, Қайырбеков к – сі, 35а – 15.02.2021 ж. - 100 АЕК түрінде (277 800 тг)әкімшілік хаттама және 1 айға қызметі тоқтатылды;
3. "Пугасов" мейрамханасы, Абдуллиндер көшесі 70 – 16.02.2021 ж. -  100 АЕК көлемінде әкімшілік (277 800 тг) хаттама толтырылды және 1 айға қызметі тоқтатылды;
4. "Manana" мейрамханасы, Достық д-лы, 535-17.02.2021 ж.бастап қызметі 15 күнге тоқтатылды;
5. "Orda Game Center" компьютерлік клубы, Бәрібаев к-сі, 43-10.02.2021 ж күнінен бастап қызметін 30 күнге тоқтату;
6. Бильярд клубы, Абдуллиндер к-сі, 50-05.03.2021 жылдан бастап карантиндік шаралар алынғанға дейін қызметін тоқтату;
7. "Loto Club" Бинго – клубы, Гоголь к-сі, 2-05.03.2021 жылдан бастап карантиндік шаралар жойылғанға дейін қызметін тоқтата тұру;
8. "Loto Club" Бинго – клубы, Пушкин к-сі, 44/51-05.03.2021 жылдан бастап карантин шаралары алынып тасталғанға дейін қызметін тоқтату.
Соттың қарауына тағы 8 материал жіберілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу