Тексеріс барысында Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның 0,5006 гектар жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған кезде заң талаптарын бұзғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Анықталғандай, Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес аталған аумақта жалпы пайдаланудағы нысандарды салу қарастырылмаған. Соған қарамастан, әкімдік заң талаптарына қайшы келетін шешім қабылдап, жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін бастаған.
Бағалау нәтижесі бойынша, жер учаскесінің құны 800 млн теңгеден асқан.
Прокуратураның наразылығы негізінде әкімдіктің заңсыз қаулысы күшін жойды. Нәтижесінде, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.