Алматыда тау туризмі инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі таңда туристер үшін 1 мың шақырымнан астам тау бағыты цифрландырылып, оның 850 шақырымнан астамы абаттандырылып, 2GIS платформасына енгізілді.
Қаладағы ең танымал он туристік маршрут толық жаңартылды. Бағыттар бойында жаңа кемпинг аймақтары ашылып, "Алма-Арасан" термалды бұлағы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар ауыз су орындары жабдықталып, туристік нысандардың жағдайы жақсартылды.
Саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін бес тілде жұмыс істейтін аудиогид те әзірленді. Онда 110-нан астам көрікті орын мен 10 танымал туристік бағыт туралы ақпарат қамтылған.
Жобалар Алматының таулы аймақтарын туристер үшін қолжетімді әрі қауіпсіз етуге бағытталған.