Алматыда Абай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке 23-24 қыркүйек сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.   

Алматыда Абай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді Фото: inbusiness.kz

Алматыда 23-24 қыркүйекте сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Абай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.  

Оған облыстың 6 ауданының, сонымен қатар, Семей қаласының фермерлері қатысады. Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім – ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б. ұсынылады.

Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна, оның ішінде ет өнімдері – 30 тонна, жеміс – көкөніс өнімдері – 120 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, басқалары-10 тонна.

Кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Ш.Уәлиханов алаңында (Шевченко көшесі, Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейін) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу