Алматыда абаттандыру ережесін бұзған 43 құрылыс компаниясы жазаланды

127

Бұл ақпаратты "Eco Almaty" ЖШС таратты.

Алматыда абаттандыру ережесін бұзған 43 құрылыс компаниясы жазаланды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу биыл 30 қыркүйектен басталған. Тексеру барысында қала аудандарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде экологиялық талаптар мен абаттандыру ережелерінің сақталуы бақылауға алынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көріктендіру ережесін бұзған 43 құрылыс компаниясына 5,7 млн теңге айыппұл салынды.

Ең көп заңбұзушылық тротуарларға брусчатка төсеу және бордюр орнату кезінде анықталды. Белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін 33 компания жауапкершілікке тартылды. Бұл – жалпы заңбұзушылық анықталған компаниялардың 77 пайызы.

Сонымен қатар ғимараттардың қасбетін жөндеу кезінде талаптарды бұзған 5 ұйымға, кәріз және инженерлік желілерді тарту барысында 4 компанияға, ал арық желілерінде жұмыс жүргізу кезінде заңбұзушылыққа жол берген 1 компанияға айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу