Алматыда адам қағып өлтірген көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

684

Алматыда адам қағып өлтірген көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Алматы полицейлері 44 жастағы әйелді қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісіне іздеу жариялады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Департаменттің ақпаратына сүйенсек, жол апаты 14 наурыз күні Әуезов ауданында түнгі сағат 23:00 шамасында болған. Аты-жөні белгісіз жүргізуші әйел адамды қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында мерт болған.

ІІД Жергілікті полицияның іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбековтың айтуынша, адам қаққан жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатқан.

"Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін өндірістегі іс аясында сот-медициналық сараптама жасалады. Адам өліміне соқтырған жол апаты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр", – дейді Насырбеков.

Алматы полицелері осы оқиғаны көрген куәгерлер болса, 254-45-05, 254-47-80, 8701 888 48 82, 8707 837 78 13, 8777 280 15 55 немесе "102" телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу