Алматыда "Әділетті Қазақстан – жастар тандауы" акциясы басталды

Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастыруда.  

Алматыда "Әділетті Қазақстан – жастар тандауы" акциясы басталды Фото: gov.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде осыған қатысты брифинг өтті.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің мүшесі Бауыржан Мақұлбаев жарияланған акцияның жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін тартуға бағытталғанын мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл идеяны белгілі кәсіби боксшы, Олимпиада ойындарының қол жүлдегері Қанат Ислам қолдады.

Бауыржан Мақұлбаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге қатысты сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын арнайы 1463 колл орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін парақшалар ашылды.  

Акциямен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалардың үздіктерін анықтауға арналған байқаудың да басталатыны жарияланды, онда әрбір адам жемқорлыққа қарсы өз көзқарасын ұсына алады.

Өтінімдер info@adildik.kz электронды мекен-жайы бойынша 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Сонымен қатар, кейбір идеялар пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады.

"Қазақстанның жалпы жастарын аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Әділетті Қазақстанды қалыптастыру әрбір азаматқа байланысты және бірінші кезекте, жастарға байланысты", – деді спикер.

Брифингке кәсіби боксшы Қанат Ислам қатысты, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы идеяны қолдайтынын жеткізді.

"Қазақстан азаматы, бір жағынан ата-ана ретінде біз әрқашан әділеттілікті талап етеміз. Қазір балаларымыз өсіп келеді, бәріміз ата-ана ретінде Жаңа Қазақстанда, жемқорлықсыз мемлекетте жақсы өмір сүргіміз келеді", - деді Қанат Ислам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу