Алматыда айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты қысқарды

1011

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб төрағасының қаулысына сәйкес, айырбастау пунктері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді.

Алматыда айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты қысқарды Фото: Мария Матвиенко

Алматы қаласының әкімдігі Президенттің Жарлығы мен Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамасына орай Алматы қаласындағы карантин және төтенше жағдай кезінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау үшін айрбастау пунктерінің жұмыс уақытын қысқартуға шешім қабылданды.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб төрағасының Қаулысы:

"1. Қалада орналасқан айырбастау пункттерінің жұмыс режимін сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін анықтау

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб төрағасының орынбасары – Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапановқа жүктелсін.

3. Осы шешім 2020 жылдың 21 наурызынан бастап күшіне енеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу