Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл-жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы – жұмысымыздың басты қағидаларының бірі", – деді Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.