Алматыда ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамау мерзімі ұзарды

500

"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Принбеков пен "AlanParking" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамау мерзімі ұзарды Фото: Алексей Старков

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 14 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының Принбековке қатысты қамауда ұстау мерзімін 15 қарашаға дейін 7 айға ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Сондай-ақ қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 23 қыркүйекте тергеу органдарының Базарбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 7 айға, яғни 26 қазанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімі бұған дейін де ұзартылған болатын.

25 сәуірде "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-нің 70% мөлшеріндегі үлесін және "Alan Parking" ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түсіп, ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне өз еркімен қайтарылғаны хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу