Алматыда ақылы түрде вакцина салдыруға үш мыңнан аса адам жазылды

757

Вакцинациядан 19 бен 65 жас аралығындағы алматылықтар өте алады.  

Алматыда ақылы түрде вакцина салдыруға үш мыңнан аса адам жазылды

Алматыда Pfizer компаниясының ақылы екпесін салдыруға 3 279 адам жазылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің сөзінше қалада ақылы екпе алуға келетіндердің нақты санын анықтау мақсатында вакцинацияға тіркелу басталды.

"Ақылы екпе алуға ресми түрде бүгінге дейін 3279 адам жазылған. Денсаулық сақтау министрлігі бізге ресми түрде рұқсат берды. Вакциналардың дозасын анықтаған кезде ақылы екпе басталады. Бізде бүгін нақты іс-шараның басталатын күні мен бағалары жоқ, қазір Денсаулық сақтау министрлігінен ресми ақпарат күтеміз", – деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Ол 19 бен 65 жас аралығындағы алматылықтар екпе алуға жазыла алатынын айтты. Әзірге 39 бен 52 жас аралығындағылар белсенді түрде жазылуда.

Еске сала кетсек, Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы 10 қарашада келді. Ол жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін қолданылады. 16 қарашада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл препаратты ақылы түрде салдыруға болатынын айтты. Министрлер кабинеті оның ұсынысын қолдады.

Pfizer вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындады. Ол 142 елде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Еуропалық Одақ елдерінде қолданылады. Зерттеушілердің дерегінше Pfizer 95%-ға тиімді препарат. Екпенің ресми атауы – Комирнати. Оны американдық фармацевтикалық алпауыт Pfizer компаниясымен бірлесіп BioNTech неміс биотехнологиялық компаниясы шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу