Алматыда ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

249

Президенттің көңіл айту жеделхатын қаралы жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.  

Алматыда ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр Фото: t.me/tiekkz

Бүгін, 21 сәуірде Алматы жұртшылығы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық рухтың жыршысын ақтық сапарға шығарып салуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, замандастары келді.

Айта кетейік, ақынды жерлеу орнына қатысты бұған дейін қоғамда түрлі пікір айтылған болатын. Мұхтар Шахановтың жұбайы Мемлекет басшысына хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауды сұраған еді.

Мұхтар Шахановтың өмір жолы тек әдебиетпен шектелген жоқ. Ол журналистикадан бастап, саясатқа дейінгі кең ауқымда қызмет етті. Кезінде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақстан Парламентінде депутат болды, ұлттық мүдде мәселелерінде батыл позициясымен танылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты Кремль мінберінен сөз сөйлеген санаулы тұлғалардың бірі.

Ақын 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Соңғы жылдары отбасыдағы ауыр қайғылар мен денсаулықтың сыр беруі оның жағдайына әсер еткені айтылып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу