Алматыда әйел адам жолды кесіп өтемін деп көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болды.
Алматы қаласы полициясының мәліметінше, Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.
Зардап шеккен әйел адам дәрігерлер жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу