Алматыда Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

Себебі қалада "Winter Run 2023" жарысы өтеді. 

Алматыда Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

Бұл туралы спорттық іс-шараны ұйымдастыру комитеті хабарлады. 

20 ақпан таңғы сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін жарыс өтетін көшелерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Спорттық сайыс "Нұрлы-Тау" бизнес орталығының жанынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 05:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады. Әл-Фараби даңғылы бойында туннельге кіретін аймақ Меңдіқұлов көшесінен бастап сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін жабылады.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен автокөліктердің жүруіне шектеу енгізілмейді.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Желтоқсан көшесінен Esentai Mall сауда орталығына дейін қозғалыс сағат 07:40-тан 11:00-ге дейін шектеледі. Оңтүстік жағы автокөліктер үшін ашық.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Esentai Mall сауда орталығынан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс сағат 08:30-дан 10:45-ке дейін жабық болады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.

"Нұрлы-Тау" бизнес-орталығына көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,

2. Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,

3. Әл-Фараби даңғылының бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін,

4. Назарбаев даңғылының бойымен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,

5. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Желтоқсан көшесіне дейін.

"Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына ("Нұрлы-Тау" БО) Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Сөре қалашығының жанында көлікті тұраққа қою қиын болатындығына назарларыңызды аударамыз",- деді ұйымдастырушылар.

"Winter Run" жарысына әуесқойлар қатысады. Қатысушылар 3 км балалар қашықтығы, 10 км және 7 км скандинавиялық жүріс бойынша бас сынасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу