Алматыда алдағы 3 айға жұмыртқаның шекті бағасы белгіленді

603

Енді оның он данасы 487 теңгеден аспауға тиіс.  

Алматыда алдағы 3 айға жұмыртқаның шекті бағасы белгіленді

Алматы әкімдігі жұмыртқаның бөлшек саудадағы белгіленген шекті бағасын 90 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады inbusiness.kz "Ашық" НҚА сайтына сілтеме жасап. 

Порталда "Алматы қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  тауарларының рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағаларын бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізілгені жазылған.

"I санатты тауық жұмыртқасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қатарында.  Оның рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағасы күнтізбе бойынша 90 күн мерзімге он данасы - 487 теңге мөлшерінде бекітілсін. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған құжатта. 

Еске сала кетсек, 31 наурызда осы баға 30 күн мерзімге бекітіліп, қаулы қабылданған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу