Алматыда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

Операция Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы ұйымдастырған мастер-класс аясында Ресей Федерациясының үздік аритмологы профессор, м.ғ.д. Сергей Артеменконың қатысуымен өтті.

Алматыда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды Фото: inbusiness.kz

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды. 

Әйел орталыққа аритмияның жоғары жиілігімен ауыр жағдайда (шамамен минутына 240 соққыға жететін) түсті. Бұл жиіліктің нормасы 90 соққы екенін айтып өту керек. 

Барлық қажетті зерттеудің нәтижесінде науқасқа Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы, тахикардия диагнозы қойылды. 

Жоғары тәуекелге қарамастан, консилиумның шешімімен хирургиялық ота жасау туралы шешім қабылданды. 

Аритмология бөлімінің меңгерушісі Бекжан Рысмендиев ресейлік әріптесі Сергей Артеменкомен бірге жүрек ырғының бұзылуын емдеу үшін екі сағаттық хирургиялық операция - радиожиілікті катетерлік абляция жүргізді.

"Бұл шағын инвазивті әдіс, жергілікті анестезиямен жасалды. Еш тіліксіз екі пункция арқылы біз патологиялық ошақты түрде жоя алдық. Операция сәтті өтті. Әйелдің және болашақ нәрестенің жағдайы жақсы. Дәл осы орталықта мұндай операция алғаш рет жасалды және бұл соңғы рет емес деп үміттенемін. Мұндағы жабдық заманауи стандарттарға сәйкес келеді, оның көмегімен жүрек ырғағының бұзылуымен байланысты кез келген операцияны, соның ішінде жүкті әйелдерге де жасауға болады", - деп атап өтті Сергей Артеменко.

Науқастың өзі айтқандай, өткен жылы оған жүрек ырғағының бұзылуы диагнозы қойылған.

"Өткен жылы маған туа біткен жүрек ырғағының бұзылуы диагнозы қойылды. Бірақ, аурудың өзі мені қатты мазаламады. Әрине, диагнозды біліп, уақытында ота жасау керек еді, бірақ, өкінішке қарай, осылай болды. Құдайға шүкір, дәрігерлер бәрі жақсы өтті деді. Олардың еңбегі үшін, бізді қиын сәтте қалдырмағаны үшін, менің және баламның өмірін сақтап қалғаны үшін көп рахмет", - деді дәрігерлерге алғысын білдірге жүкті әйел.

М.ғ.д., профессор, Қалалық кардиоорталықтың директоры Роза Кунышбекованың айтуынша, бұл тәжірибе, әрине, ерекше. Мұндай ауру ауыр акушерлік және жүрек проблемаларына әкелуі мүмкін. 

"Аритмияны дұрыс диагностикалау науқастың болжамын түбегейлі өзгертеді, уақтылы емдеу тактикасымен ауру қауіпті болмайды. Жүректің аритмогендік аймақтарына жоғары жиілікті токтың нүктелік әсерінің нәтижесінде жүрек соғысы нақты қалыпқа келтіріледі. Бұл пациентке қалыпты өмірге оралуға, жүктілікті соңына дейін жеткізуге және ана болуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Кунышбекова.

Дәрігердің айтуынша, мастер-класс 7 күн өтеді, 4 күнде 35-ке жуық операция жасалды және олардың барлығы сәтті аяқталды. 

Мұндай операцияға көрсеткіш ретінде туа біткен және жүре пайда болған патологиялар алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу