Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

221

Шараға 60 шаруа қожалығы қатысады.

Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді Фото: Алматы әкімдігі

2023 жылғы 18-19 қарашада сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысының 60 шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 150 тонна, оның ішінде ет – 25 тонна, жеміс – көкөніс – 100 тонна, сүт – 10 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 10 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" алаңы,Қонаев  көшесі мен Пушкин көшесінің арасында. Сонымен қаатар, демалыс күнгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері  қаланың мына аудандарында да өтеді: 

1. Гоголь-Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);

2. "Қазақфильм" шағынауданы (Бостандық ауданы);

3. Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);

4. Меңдіқұлов көшесі мен Бектұров көшесінің қиылысы, Шевченко көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысы (Медеу ауданы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу