Алматыда Almaty TechCup XII чемпионаты басталды

134

Орталық Азия елдерінен 3 мыңнан астам қатысушы жасанды интеллект дәуіріне арналған инженерлік жарыстарда бақ сынауда.  

Алматыда Almaty TechCup XII чемпионаты басталды Фото: gov.kz

Алматыда қала әкімі кубогы үшін робот техникасы, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша XII ашық Almaty TechCup XII чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы жарыс Age of AI ("Жасанды интеллект дәуірі") тақырыбымен өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері хабарлады.

Чемпионатқа Орталық Азияның бес елінен 3 мыңнан астам мектеп оқушысы, студент және жас инженер қатысып отыр. Олар 400-ге жуық командаға бірігіп, екі күн бойы робот техникасы, бағдарламалау, киберқауіпсіздік және автономды жүйелерді әзірлеу бағыттарында сынға түседі.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті басқармасының басшысы Асыл Түймебаев, АҚШ-тан келген goBILDA робототехникалық платформасының зерттеуші-инженері әрі стратегиялық серіктестік жөніндегі директоры Итан Доуг, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев қатысты.

Биылғы бағдарлама 14 бағытты қамтиды, оның төртеуі алғаш рет енгізілген. Атап айтқанда, адам тәрізді роботтарға арналған шешімдер, автономды көлік жарысы, аэроғарыш жобалары, дрондар сайысы және киберқауіпсіздік бағыттары бар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қала әкімі кубогымен, білім гранттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ олар АҚШ, Қытай және Гонконгта өтетін халықаралық инженерлік жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу