Мәйіті табылған Баир Сиқымбаевтың неден қайтыс болғаны әзірге беймәлім болып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаралы хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол – Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы, – деді Жазира Бегалы.
Аталған өлім фактісіне қатысты Алматы қаласының полиция департаменті әлі ресми дерек келтірмеді.
Еске салайық, әнші Гүлнар Сиқымбаеваның өзі 2024 жылдың күзінде қайтыс болған еді.