Алматыда аптап ыстықтың басталуымен жедел жәрдем шақыру саны артты

243

Шілде айының алғашқы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан астам шақырту түскен.  

Алматыда аптап ыстықтың басталуымен жедел жәрдем шақыру саны артты Фото: gov.kz

Әсіресе, артериялық қан қысымының көтерілуі, жүрек-қан тамырлары аурулары, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы мен жедел миокард инфаркті көптеп тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, ми қан айналымының жедел бұзылысына шалдыққан науқастар шұғыл түрде қалалық стационарларға жеткізілді.

Алматыдағы емханалар созылмалы ауруы бар науқастарға диспансерлік бақылауды жалғастырып, оларды қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етуде және денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.

"Дәрігерлер тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күннің астында ұзақ болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл киім мен бас киім киюге кеңес береді. Егер денсаулық жағдайыңыз нашарласа, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет", – деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу