Алматыда арыққа құлаған ер адам көз жұмды

147

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, марқұм алкогольдік масаң күйде болған. 

Алматыда арыққа құлаған ер адам көз жұмды Фото: Depositphotos.com/LyazaTretyakova

Алматы қаласында арықтан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала деректер бойынша, ол тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткен. Салдарынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу