Алматыда Арықов көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

269

Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.

Алматыда Арықов көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі Фото: Алматы әкімдігі

5 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Арықов көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұндай шектеу жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін қажет.

12-25 қыркүйек аралығында Арықов және Жангелдин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Алайда Жангелдин көшесі толық жабылмайды. Шектеу тек оның Арықов көшесімен қиылысатын бөлігіне енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу