"Алматының аспаны жабылып, әскери жағдай енгізілді": Қорғаныс министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

137

Алматының әуе кеңістігіне ешқандай шектеу енгізілмеген.

"Алматының аспаны жабылып, әскери жағдай енгізілді": Қорғаныс министрлігі ақпаратты жоққа шығарды Фото: canva

Әлеуметтік желілерде "әскерилердің қимыл-әрекеттеріне байланысты Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді" деген ақпарат тарады.

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство Алматының әуе кеңістігіне ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді.

"Әуе кеңістігін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың жалған екенін естеріңізге саламыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу