Алматыда әуе рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр

352

Air Astana бүгін Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасып жатқаны туралы мәлімдеді.

Алматыда әуе рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр Фото: canva

Бұған дейін әуе компаниясы Airbus A320neo тобындағы ұшақтарда орындалатын рейстердің 3-4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуға шектеу қойылғандықтан кешіктірілгендігі туралы хабарлаған еді. 

– Әуе компаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдап жатыр, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады. Әуежайға барар алдында әуе компанияның сайтында рейсіңіздің мәртебесін тексерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Жолаушылар рейстер кешіккен жағдайда жедел желіге хабарласа алады:

Жедел желі: +7 7272 44 44 78

WhatsApp: +7 702 702 00 74 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу