Алматыда ауыр науқастарға паллиативтік көмек тегін беріледі

521

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарына паллиативтік көмекті алу мүмкіндіктерін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Алматыда ауыр науқастарға паллиативтік көмек тегін беріледі

"Паллиативтік медициналық көмек қала тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қалалық паллиативтік көмек орталығында тегін көрсетіледі. Емдеуге жатқызу тіркелген емхананың жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады" – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызметі бөлімінің басшысы Лайла Иманғалиева.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қалалық паллиативтік көмек орталығы 170 орынға арналған. Орталықта 5 бөлімше қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар паллиативтік көмек шеңберінде Қалалық онкологиялық орталықта емделмейтін қатерлі ісік диагнозы бар адамдарға медициналық-психологиялық көмек көрсету бойынша көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді. Олар онкологтармен тікелей жұмыс істеп, тегін көмек көрсетеді. Пациенттердің туыстары мен пациенттердің өздері: 8 708 973 03 03 жедел желі нөміріне хабарласа алады.

Сондай-ақ қалада 2025 жылға қарай ауыр санаттағы пациенттердің тұруына барлық жағдай жасалған заманауи паллиативтік көмек орталығын салу жоспарланған.

Паллиативтік көмек – мүмкіндігі шектеулі немесе таусылған жағдайда созылмалы аурулардың түрлі нозологиялық түрлерімен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған мамандандырылған емдеу түрі.  Ұндай көмек түрін қатерлі ісік аурулары, бауыр ауруы, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі, инсульттан кейінгі зардаптар, ауыр жарақаттар және т.б. пациенттер ала алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу