Алматыда автобус аялдамада тұрған адамды қағып кеткен

198

 Жол апаты бүгін сағат 12.35 шамасында болған. 

Алматыда автобус аялдамада тұрған адамды қағып кеткен Фото: tenginews.kz

Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде тарады.

Полиция Yutong маркалы автобус жүргізушісі Солтүстік айналым көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалғанын хабарлады. Нәтижесінде көлік алдымен жолдың жиегіне, сосын аялдамаға соғылған. Автобус аялдамада тұрған адамды қағып кеткен.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді. Оның бірі аялдамада тұрған жаяу жүргінші болса, екіншісі – автобус жолаушысы. 

"Оқиғаның мән-жайын Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу