banner

Алматыда автобус инкассатор көлігімен соқтығысты

454

Алматыда қоғамдық көлік инкассатор көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыда автобус инкассатор көлігімен соқтығысты Фото: Видеодан скриншот

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, оқиға 25 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40-та Алматының Алмалы ауданында болған.

"ГАЗ маркалы автокөлікті тізгіндеген 1982 жылғы жүргізуші Д. Абай даңғылында, 141-үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта кері бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан 1967 жылғы А. тізгіндеген Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Оны фельдшерлер тексерді, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерек бойынша Алмалы ауданының полиция қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу