Алматыда автобус өртке оранды

664

Алматыда автобус өртке оранды

Алматыда автобус түгі қалмай жанып кетті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

Мекеменің деректеріне сүйенсек, өрт Рысқұлов даңғылы мен Розовая көшесінің бұрышында болған. Тілсіз жау туралы хабарлама сағат 06.52-де түскен.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 06.59-да келді. Олар келгенде "Daewoo BS-90" маркалы автобус лаулап жанып жатты", – дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Жалын сағат 07.04-те тоқтатылып, 07.11-де толық сөндірілді. Өрт 10 шаршы метр алаңды шарпыған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу