Алматыда автобус жас қызды қағып кетіп, мерт қылды

723

Қылмыстық іс қозғалды.  

Алматыда автобус жас қызды қағып кетіп, мерт қылды Фото: Бейнежазбадан

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылды. Тиісті ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 12 тамыз күні сағат 12:20-да Бостандық ауданында болған.

"Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолды шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылы туған әйел адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу