Болжам бойынша, оқиға 15 қаңтар күні таңғы сағат 6 шамасында №239 маршрутта болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Келіспеушілік барысында ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, көліктің әйнегін сындырған.
Бейнежазба авторы жолаушылардың күйзеліске түсіп, қатты қорыққанын айтады. Тіпті, кейбіріне жарақат алу қаупі туындаған.
Алматы облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
– Белгісіз ер адам қала көшелерінің бірінде қоғамдық автобустың терезесін қасақана сындырғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 3 күдіктіні ұстады, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта басты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.