Алматыда автобустардың шығыны артты, жол жүру бағасын көтеретін кез келді – сарапшылар

526

Алматыда соңғы 11 жылда жанармай құны үш еседен астам өсті.  

Алматыда автобустардың шығыны артты, жол жүру бағасын көтеретін кез келді – сарапшылар Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Ал қала бойынша жүретін Yotong маркалы бір автобустың (жолаушыларға арналған ыңғайлы автобус) құны 2012 жылы 10 млн теңге, қазір – 60 млн теңге болды. Бұл ретте, жол ақы құны 11 жыл бойы өзгермеді, бұл толық ақталмайды, дейді қаланың жеке автопарктерінің бірінің басшысы Егор Жиглов.

"Биыл дизель отыны мен газдың, электр қуатының құны үш есеге өсті, қосалқы бөлшектер қымбаттап жатыр. Сонымен, қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру құнын арттыру өте маңызды қажеттілік", - деді ол.

Коммуналдық автопарктің бас директоры Абылай Омарханның айтуынша, компанияның күнделікті табысы жанармай шығындарын да өтемейді.

"Жол ақысын төлеуден түсетін табыстың өсуі кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандырады әрі тасымалдауды ұйымдастыруды өз есебінен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, бұл кезекті субсидияны күтпей-ақ, барлық тасымалдаушыны күзгі-қысқы мезгілге уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді", - деді түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу