Алматыда автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт салынады

260

Инвестицияның жалпы көлемі – 83 млрд теңге.  

Алматыда автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт салынады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Құны 55 млрд теңге болатын тежегіш бөлшектер зауыты жылына 5 миллионға дейін өнім шығара алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматының индустриялық аймағында екі ірі инвестициялық жобаның – Alma-Ata Machinery Manufacturing Co., Ltd тежегіш бөлшектер зауыты мен Taza Sauda компаниясының Smart AI Logistic логистикалық кешенінің капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Кәсіпорын толықтай іске қосылса жаңа 600 жұмыс орны ашылады. Зауыт Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі тежегіш дискілері мен тежегіш қалыптарын толық циклмен өндіретін алғашқы жоғары технологиялық өндіріс орнына айналмақ.

Smart AI Logistic логистикалық кешеніне салынатын инвестиция көлемі 28 млрд теңге. Жоба аясында жалпы аумағы 35 мың шаршы метр болатын қойма және әкімшілік инфрақұрылым салынып, 190-нан астам жұмыс орны ашылады. Логистиканы басқаруда жасанды интеллект технологиясы мен роботтандырылған жүйелердің қолданылуы кешеннің басты ерекшелігі болмақ.

Дархан Сатыбалды аталған жобалардың жүзеге асырылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген өнеркәсіпті дамыту, экономиканы цифрландыру және инвестиция тарту жөніндегі міндеттерге толық сәйкес келетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу