Алматының Алмалы ауданындағы Аносов көшесінде орналасқан автосервис орталығында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілсіз жау бояу камерасынан тұтанған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, жалынның іргелес бокстарға таралуына жол бермеді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 15 минутқа жетпей өрт толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ автосервис нысандарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу