Жеңілдік I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен отбасылардың өкілдеріне қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ жеңілдіктер электромобильдер мен арнайы көлік құралдарының иелеріне де қолданылады.
Қазіргі уақытта қалада 17 мыңнан астам коммуналдық автотұрақ орны бар. Алдағы уақытта олардың санын 25 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Алматыда жеңілдікті рұқсаттарды рәсімдеу тәртібін оңайлату және қызмет алу уақытын қысқарту мақсатында цифрлық сервисті дамыту жоспарланып отыр.
Автотұрақ желісін кеңейтумен қатар қызмет көрсету сапасын арттыруға және автотұрақтардың тұрғындардың түрлі санаттары үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.