Алматы облысының Қарасай ауданында "Ақсай" бөгетіне таяу жерде 3,5 текше метр топырақ опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Аталған жерде су құбыры жарылғаны анықталды. Қазір "Қазселденқорғау" және су арнасының күштерімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ТЖМ.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында тау бөктерінен жеке тұрғын үйдің аумағына лай көшкіні түскен болатын.
Жалпы, Алматының таулы аймақтарында көшкін қаупін тудыратын 145 учаске бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу