Алматыда балаларға арналған ғылыми музей ашылады

128

Жоба аяқталуға жақын.  

Алматыда балаларға арналған ғылыми музей ашылады Фото: gov.kz

Сингапурда Алматы балалар ғылыми музейін ашу мәселесі талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2026 жылы маусымда ашылатын музей Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі алғашқы балалар ғылыми орталығы болмақ.

Science Centre Singapore және Kingsmen Creatives Ltd серіктестерімен өткен кездесуде экспозиция әзірлеу және музей қызметкерлерін оқыту жайы қаралды.

Қазіргі таңда 130-дан астам білім беру бағдарламасы дайын. Балалардың ғылыми сауатын арттыруды көздейтін экспозиция ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып бейімделген.

Алматылық балалар үшін жаңа білім беру кеңістігіне айналатын жоба халықаралық әріптестік аясында жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу